Елімізде берешегі 90 күннен асып кеткен қарыз көлемі өсті

Елімізде берешегі 90 күннен асып кеткен қарыз көлемі өсті
сурет:mail.kz

Жеке тұлғаларға берілетін кредит көлемі жыл сайын артып келеді.

Елімізде берешегі 90 күннен асып кеткен қарыз көлемі өсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі жалпы несие портфелінің 3,6%-ын немесе 850 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы 1 қаңтарда 3,3% немесе 669 млрд теңге болған еді.

«Сонымен қатар, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 2022 жылғы қарашада 3,8%-ға ұлғайып, 13,9 трлн теңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 29,4%-ға өсті). Жеке тұлғаларға арналған кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 2,1%-ға 4,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 4,4%-ға7,6 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болды», - делінген агенттік хабарламасында.