Елімізде 9 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алды

Елімізде 9 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алды
Сурет: Inbusiness.kz

2022 жылғы 14 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 492 583 адам, 2-ші компонентін 9 262 039 адам салдырды. Бұл туралы  Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 112 935 адам, ІІ-ші дозасын 979 402 адам салдырды. Оның ішінде: - І-ші компонентімен жасөспірімдер – 838 483, жүкті әйелдер – 39 018, бала емізетін әйелдер – 138 765. - ІІ-ші компанентімен жасөспірімдер – 778 725, жүкті әйелдер – 34 532, бала емізетін әйелдер – 125 825 қамтамасыз етілді.