Елімізде 400-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр

Елімізде 400-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

3 бала реанимацияда жатыр

Коронавирус жұқтырған 3 бала реанимацияда емделіп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері коронавируспен 6 мыңнан астам бала ауырған. Қазір ауруханаларда 423 бала емделіп жатыр. 

«Әрбір баланың денсаулығын министрліктің деңгейінде қарап отырамыз. Жедел штабымыз бар екенін, балалардың денсаулығы үнемі қаралып отыратынын айтқан болатынмын», - деді министр.

Сонымен қатар ол ауырып жатқан балалардың 21 пайызы жеңіл, 77 пайызы орташа, 0,7 пайызы ауыр өткеріп жатқанын жеткізді. Тек, 3 бала реанимацияда жатыр екен.