Елімізде 30 кәсіпкердің пияз экспорттауға рұқсаты бар

Елімізде 30 кәсіпкердің пияз экспорттауға рұқсаты бар
Сурет: Alataunews.kz

Олар 3 415 тонна пиязды өзге мемлекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жақында пияз экспортына салынған шектеудің күшін жойғаны белгілі. Пиязды шетелге шығаруға 20 мың тонна көлемінде квота арқылы рұқсат беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Осы ретте министрлік 12 сәуірге дейінгі мәліметті ұсынды. Белгілі болғандай, 30 кәсіпкер 3 415 тонна пиязды өзге мемлекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алған. Квота бойынша енді 16 584 тонна қалып отыр.

Сондай-ақ жақында министрлік 28 сәуірге дейін Қазақстан аумағынан 20 000 тонна пиязды үшінші мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квота енгізген болатын.