Елімізде 274 мың кәсіпкер төлем карточкаларымен жұмыс істейді

Елімізде 274 мың кәсіпкер төлем карточкаларымен жұмыс істейді vsyokartemir.ru

Қазақстанда банк карточкалары арқылы 93,7 трлн теңгеге операция жасалды – Ұлттық банк


Өткен жылы Қазақстанда банк карточкалары арқылы 93,7 трлн теңге сомасына операция жасалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.



«2021 жылы қазақстандық банктердің төлем карточкалары арқылы жалпы көлемі 93,7 трлн теңге сомаға 6,5 млрд операция жүргізілді (2020 жылы – 52 трлн теңге сомаға 3,2 млрд операция жүргізілді). Төлем карточкалары бойынша операциялар көлемінің 78% (73,1 трлн теңге) қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілді. 22% (20,6 трлн теңге) банкоматтардан қолма-қол ақша ретінде алынды», - делінген ҰБ хабарламасында.



Сондай-ақ өткен жылы әрбір бесінші қолма-қол ақшасыз операцияның үшеуі интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген. Олардың жалпы көлемдегі үлесі 83% құрайды. Орташа алғанда, интернет және мобильді банкинг арқылы күнделікті жүргізілген операциялар саны 11,5 миллионнан асты, жалпы сомасы - 167 млрд теңге.



«Төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін инфрақұрылым кеңеюде. POS-терминалдардың саны 2,4 есеге өсіп, 509 мың бірлікті құрады. Нарықтағы POS-терминалдардың 97% жанасусыз төлем функциясын қолдайды. Төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпкерлер саны 2,5 есеге өсіп, 274 мыңды құрады», - деді Ұлттық банкте.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет