Елімізде 26 көкөніс қоймасы салынады

Елімізде 26 көкөніс қоймасы салынады
сурет:kazgazeta.kz

2026 жылға дейін тағы 35 заманауи нысан ашылады.

Биыл елімізде сыйымдылығы 104 мың тонна болатын 26 жаңа көкөніс қоймасы салынады. Ал 2026 жылға дейін тағы 35 заманауи нысан ашылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта көкөніс қоймаларының тапшылығы мәселесі өткір тұр. Сол себепті кешенді жоспар әзірленген. Жоспар бойынша қоймаларды салуға және жаңғыртуға инвестициялар тарту үшін субсидия көлемін арттыру көзделген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Дамир Егізбаевтың айтуынша, еліміздегі 1200-ден астам қойма болса, оның 30 проценттен астамы Павлодар облысында. Былтыр 11 жаңа қойма тапсырылды, биыл тағы алты нысан салынады.

-«Мемлекет өз тарапынан қолдау немесе субсидия ретінде қоймаға кеткен шығынның 25%-ін субсидиялайтын болса, қазіргі қарастырылып отырған жаңа субсидияның ережесі бойынша сақтау қоймаларына бөлінетін мемлекеттік жәрдем шығыннң 40-50%-на жеткіземіз деген жоспарымыз бар».