Елімізде 12 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылады

Елімізде 12 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылады
Сурет: XS.UZ

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Шетел университеттерінің филиалдарын 2029 жылға дейін іске қосу жоспарда бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, аталған жұмыстар 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасы негізінде жүзеге асады. Сондай-ақ Қазақстан студенттеріне білім беретін шетелдік сарапшылардың санын да 1400-ге дейін көбейту көзделіп отыр.

Жауапты ведомство осылайша халықтың жоғары білім беру жүйесіне деген сұранысын қанағаттандырмақ. Айта кетейік, қазір негізгі 3 тұжырымда қабылданған құжат 16 бағытты қамтиды.