Елімізде 12 млн-ға жуық сайлаушы бар

Елімізде 12 млн-ға жуық сайлаушы бар
Сурет: Elorda.info

Тізім жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеде жаңартылады.

ҚР ОСК отырысында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау үшін сайлаушылар тізімін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеде жаңартады.

«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, біз сайлаушылар тізіміне 11 970 406 сайлаушыны енгіздік, олар тұрақты тұратын учаскелер бойынша алдын ала бөлінген. Сайлаушылардың ең көп саны – Түркістан облысында (1 177 507), ең азы – Ұлытау облысында (138 277)», - деді Константин Петров.

Тоқаевтың Жарлығымен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 19 наурызға тағайындалды. ОСК шешімі бойынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау бір күнде өтеді.