Еліміз ресейлік насихат жүргізетін телеарналарды жаба ма?

Еліміз ресейлік насихат жүргізетін телеарналарды жаба ма?
Сурет: 24.kz

Бұл сұраққа Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жауап берді. 

Оның айтуына қарағанда, әлдебір арнаны шектеу мәселесі күн тәртібінде жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ресейлік және басқа да шетелдік телеарналар кабельдік желі арқылы көрсетіледі. Әр адам пакетті таңдауға құқылы. Бірақ пакеттерде міндетті түрде қазақстандық 15 арна болады. Бірінші пакетте болады. Басқа пакетті көрермен өзі таңдайды. Бірақ кейбір телеарна Қазақстан заңын бұзса, азаматтар құзырлы органдарға арыз түсіре алады», - дейді Омаров.