Еліміз электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемде 28-орында тұр

Еліміз электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемде 28-орында тұр Сурет: Тengrinews.kz

Елдегі ірі компаниялар цифрлық экожүйені дамытуға өз үлестерін қосып келеді.


Қазақстан БҰҰ-ға кіретін 193 елдің арасында электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Ел индексі (e-Government Development Index, EGDI) – 0,86. Бұл ТМД және Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өту керек. Бұдан бөлек  еліміз Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия және т.б. дамыған елдерді де басып озған.


EGDI электрондық үкіметтің 3 маңызды белгісінің (онлайн қызмет көрсету, телекоммуникация және адам әлеуеті) жиынтық көрсеткішін ұсынады.


Бұдан бөлек Қазақстан азаматтардың электрондық қатысуы рейтингінде (E-Participation Index, EPI) 15-орында тұр.


Бірқатар мемлекеттік қызмет түрін Egov.kz порталында немесе тиісті қосымша арқылы онлайн-форматта алуға болады. Бұдан бөлек мобильді қосымшалар арқылы зейнетақы активтерін басқаруға (Enpf.kz), «электрондық емханаға» қол жеткізуге (Damumed) болады.


Сонымен қатар цифрландыруға қаржы (банктердің сайттары мен қосымшалары, онлайн-сақтандыру және т.б.), өнеркәсіп, құрылыс, логистика, телеком, мәдениет және т. б. салаларының ірі компаниялары да үлес қосып отыр.


Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы елімізде 6 жастан 74 жасқа дейінгі Интернетті пайдаланушылардың үлесі (ұялы байланысты ескере отырып) 92,9%-ды құраған. Бұдан бөлек ауылдық жерлердің Интернетпен қамтамасыз етілуі 90,7%  болса, қалаларда бұл көрсеткіш 94,4%-ға жеткен.


Digital Intelligence Index цифрлық эволюция бойынша рейтингте Қазақстан цифрландырудың даму қарқыны бойынша 20-орында тұр. Сонымен қатар 2021 жылы DSGI цифрлық дағдылар деңгейі бойынша рейтингте 134 елдің арасында 43-орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14