Елена Рыбакина турнирдің сыйақысын қайырымдылыққа және жас теннисшілерді қолдауға жұмсамақ

Елена Рыбакина турнирдің сыйақысын қайырымдылыққа және жас теннисшілерді қолдауға жұмсамақ
Сурет: Elorda.info

Елена Рыбакина федерацияның сыйақысын алмайтын болды

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вице-президенттің айтуынша, федерация теннисшіге қаржылай қолдау көрсеткісі келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді.

«Қазірдің өзінде федерацияға өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елімізде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашады», - деді Ю. Польский.