Елена Рыбакина Словениядағы жарысты жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Словениядағы жарысты жеңіспен бастады Сурет: Inform.kz

Аталған жарыс 18 қыркүйекте мәреге жетеді


Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож (Словения) WTA 250 жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Осы доданың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен өткізді.


Бірінші партияда неміс спортшысы тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (7:4).
Екіншісінде Елена есе қайырды - 6:4.


Шешуші, үшінші сетте Е.Рыбакина жеңісті жұлып алды - 7:6 (10:8).
Үш сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 15 эйс жасап, 19 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 брейктен аса алмады.


Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасады. Ол рейтингіде 85-сатыдағы ұлыбританиялық Хэрриет Дартты ұтты - 0:6, 6:4, 6:1.
Аталған жарыс 18 қыркүйекте мәреге жетеді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Дэвис кубогында Қазақстан Нидерланды командасымен кездесетінін жазған болатынбыз.


Сондай-ақ қазақстандық теннисші Ыстанбұл турнирінің екінші айналымына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38