Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты

Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Е.Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті.

Матч 6:4, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Ол бұған дейін әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаны жеңген еді.