Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді
Сурет: Ашық дереккөзі

Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізді.
Биыл АҚШ-тағы Цинциннати жарысында М. Киз Еленаны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық танытты - 7:5.
Есесіне екінші сетте Е. Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алды - 6:3.
Содан кейін үшінші, шешуші партияда да Кизді тығырыққа тірей білді - 6:3.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Е. Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 31-сатыдағы Беларусь өкілі Александра Сасновичтің біреуімен таласады.
Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге жуықтады.
Атақты теннисші Новак Джокович Астанаға ұшып келді.