Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады
Сурет: Olympic.kz

Теннис: Елена Рыбакина бірінші кезеңді жеңіспен бастады

Нью-Йоркте теннистен «Үлкен Дулыға» турнирінің биылғы маусымдағы соңғы бәсекесінде Қазақстан атынан төрт спортшы қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.  

Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда белоруссиялық Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен ұтты. 

Екінші кезеңде Елена франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі. 

Михаил Кукушкин испаниялық Пабло Андухаровдан, Юлия Путинцева эстониялық Кайе Канепиден ұтылды. 

Сондай-ақ, италиялық Ясмин Паолиниге қарсы ойнаған Ярослава Шведова да турнирмен қош айтысты.