Елена Рыбакина АҚШ-тағы теннис турнирінің финалында жеңіліп қалды

Елена Рыбакина АҚШ-тағы теннис турнирінің финалында жеңіліп қалды
Cурет: Olympic.kz

Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге BNP Paribas Open WTA 1000 турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан және Ресей спортшыларынан құралған жұп бельгиялық Элизе Мертенс пен Тайварь өкілі Се Су-Вей жұбынан ұтылды. 

Қорытынды есеп - 6:7(1:7), 3:6.

Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылған. 

Рыбакина мен Кудерметова жұптық сында Монреальдағы турнирдің жартылай финалында ойнаған болатын.