Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
сурет: tengrinews.kz

Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинады.

Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-сатыға көтерілді.

Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Рим мастерс турнирінде жеңіске жеткені үшін Е.Рыбакина 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 521 754 еуро табыс тапты.

Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.