Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты
сурет:sputnik.kz

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Е.Рыбакина 6:4 есебімен басым түсті.

Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ші ракеткасы, америкалық Кори Гауфф немесе рейтингте 17-ші сатыдағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.