Электросамокатпен жүретіндерге қандай талап қойылады?

Электросамокатпен жүретіндерге қандай талап қойылады?
Сурет: Bluescreen.kz

Әсіресе, Алматы қаласында осы проблема өзекті болып тұр.

Жақында қала саябақтарында электросамокатпен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ішкі істер министрлігі электросамокатқа қатысты техникалық талаптардан кейін тағы қандай ережелер енгізілетінін түсіндірді.

Барлық өзгеріс мемлекеттік органдарда талқыланады. Қоғам талқысына да шығарылады.

1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттардың техникалық сипаттамасын анықтайтын ұлттық стандарт күшіне енген болатын. Атап айтқанда, стандартта электрсамокаттың анықтамасы және оны қолдану тәртібі жазылған.

«Ұлттық стандартта электросамокатты сату, оған куәлік алу, сондай-ақ, самокаттың түрлері көрсетілген. Стандарт қабылданған уақыттан бастап бір жыл ішінде «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгерістер мен түзетулер енгізіледі», - дейді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, заңда электросамокат жүргізушісінің құқықтық статусы бекітіледі. Нақты міндеттері мен құқықтары да айқындалады.

«Электросамокаттарды басқару үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Бірақ, егер самокат жүргізушісі жолға, велосипед жолағына және тротуарға шығатын болса, міндетті түрде кем дегенде 16 жаста болуы керек. Сондай-ақ, электросамокатта фар жарығы болуы шарт. Сонда түнде көрініп тұрады», – деді Мұратәлиев.

Барлық өзгеріс мемлекеттік органдарда талқыланады. Қоғам талқысына да шығарылады.

Айта кетері, электросамокаттар мәселесі бұрыннан бері талқыланып жатыр. Әсіресе, Алматы қаласында осы проблема өзекті болып тұр. Өйткені жаз шыққанда көбісі самокатпен жүреді. Жақында қала саябақтарында электросамокатпен жүруге тыйым салынды.