Электр көлігін тізгіндейтіндердің жауапкершілігі заңмен бекітіледі

Электр көлігін тізгіндейтіндердің  жауапкершілігі заңмен бекітіледі
Сурет: Mobile-review.com

«Шағын электр көлігі» анықтамасы бекітіледі.

Мәжіліс депутаттары жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгізуге арналған заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Заңға электросамокат пен гидроскутерлерге қатысты түзетулер енгізіледі.

Депутат Альберт Раудың айтуынша, «Жол қозғалысы туралы» заңда бірнеше маңызды мәселе ескеріледі. Атап айтқанда, электросамокат, гидроскутер және тағы басқа шағын электр көлігін бақылау жүргізіледі.

«Шағын электр көлігі»  анықтамасы бекітіледі. Сондай-ақ, шағын электр көлігін мінген жүргізушілердің құқығы мен міндеттері анықталады», - деді Рау.