Электр энергиясының тарифтері 7 жылға белгіленеді

Электр энергиясының тарифтері 7 жылға белгіленеді
Сурет: Aikyn.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.

Электр энергиясына арналған тарифтер «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес 7 жылға белгіленеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге жұмсаған шығындары іс жүзінде ұлғайған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар шекті тарифтерді түзетуге уәкілетті органға өтінім беруге құқылы. Оның айтуынша, 2022 жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз шығындардың ұлғаюы болжанып отыр.

«Богатырь-Көмір разрезінен көмір құнының өсуі болжануда: 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 7%-ға; 1 қыркүйектен бастап 5%-ға; 1 желтоқсаннан бастап 5%-ға. Жалпы, 2022 жыл ішінде көмірдің құны 30%-ға артады. Теміржолдар бойынша көмірді жеткізу бағасы 2022 жылдың басынан Қазақстан бойынша орташа есеппен 5%-ға өсті. Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан бойынша тауар газының құны энергия өндіруші ұйымдар үшін орта есеппен 15%-ға өсті», - деді спикер.

Шекті тариф жобасында сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде станция персоналының жалақысын көтеру мәселесі қарастырылған. Осыған байланысты топтар бойынша шекті тарифтерді түзету жүзеге асырылды. Энергия өндіруші 47 ұйымның 26-сынан өтінім берілді. Оларды қарау кезінде әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақытылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды.