Елдің екі өңірінде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Елдің екі өңірінде азық-түлік бағасы шарықтап кетті
Сурет: Egemen.kz

Бір ай ішінде Астана мен Шымкентте азық-түлік  бағасы 2,2 пайызға көтерілген. 

Ұлттық статистика бюросы қаңтар айында бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да тіркелді деген мәлімет келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Маңғыстау облысында болды, яғни азық-түлік тауарлары 31,5 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, Түркістан облысы (+27,4%) мен Шымкент қаласында (+27,2%) қымбатшылық көрсеткіші жоғары болды.

Жемістер мен көкөніс жылдық динамикада 21,2%-ға қымбаттады. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1,2 пайызға, ал бір жылда 32,4 пайызға көтерілді.

Ет және ет өнімдері бір айда 0,5 пайызға, жыл ішінде 16,9 пайызға қымбаттады. Атап айтқанда, ұн бағасы бір жылда 42,8 пайызға, нан – 19,2 пайызға, макарон өнімдері – 42,3 пайызға, жарма 35,1 пайызға өсті.

Айта кетейік, өткен жылы қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 13%-ға азайған.