Елден қашқан Шри-Ланканың экс-президентіне Сингапур пана береді

Елден қашқан Шри-Ланканың экс-президентіне Сингапур пана береді Сурет: Bbc.com

Ол 12 шілдеде отставкаға кету туралы өтінішке қол қойып, елден кеткен болатын.


Қызметінен кеткен Шри-Ланканың экс-президенті Готабая Раджапаксаға Сингапур пана беретін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Еске сала кетсек, 9 шілдеде елді үкіметке қарсы ауқымды наразылық шаралары шарпыды. Ереуілшілер Шри-Ланка билігінің ресми түрде отставкаға кетуін талап етуде. Жүздеген демонстрант баррикадалардан өтіп, экс-президент Готабая Раджапакстың резиденциясы мен кеңсесіне баса-көктеп кірген болатын.


Сәуір айында Шри-Ланка экономикалық дағдарысқа тап болды. Коронавирустық пандемия салдарынан елге келетін туристердің саны азайып, шетел валютасының тапшылығы орнады. Шри-Ланка отынды сатып алу үшін төлем жүргізе алмай қалды. Сондай-ақ қажетті тауарларды импорттау үшін валютасы таусылғаннан кейін, 51 миллиард долларлық сыртқы қарыз бойынша дефолт жариялаған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31