Елдегі ауасы ластанған 10 қала газға көшеді

Елдегі ауасы ластанған 10 қала газға көшеді
Сурет: Tengrinews.kz

Экологиясы нашар қалалар 2025 жылға дейін баламалы энергия көздеріне көшірілмек

Осы мәселеге қатысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» атты халықаралық конференцияда айтты.

«2025 жылға қарай неғұрлым ластанған 10 қала газдандырылып, баламалы энергия көздеріне ауыстырылатын болады. Қазақстанның жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту үшін зор әлеуеті бар. Біздің болжамдарымызға сәйкес, 2030 жылға қарай энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі кем дегенде 15%-ды құрауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент осы бағытта қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

«Ол үшін біз нормативтік ортаны жетілдіреміз, барынша тартымды жағдайлар жасаймыз. Біздің стратегиялық халықаралық әріптестерімізбен бірқатар жобаларға белгілі бір үміт артамыз. Қазақстан жасыл қаржыландыруға көп көңіл бөледі – Астана халықаралық қаржы орталығының базасында «жасыл қаржы орталығы» жұмыс істейді», - деген Мемлекет басшысы қазақстандық «Даму» институты БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп «жасыл облигацияларды» биржаға сәтті шығарғанын еске салды. «Биыл Қазақстан қор биржасында Қазақстандағы баламалы энергетика нысандарын қаржыландыру үшін Азия даму банкінің жасыл облигацияларының 2 өнімі шығарылды», - деп түйіндеді Президент.