Елдегі көліктердің жартысы ескі

Елдегі көліктердің жартысы ескі Сурет: 24.kz

Қазақстанда 4 миллионнан астам көлік бар


Соның жартысы әбден тозған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz хабарлауынша, ескі автомобильдердің басым бөлігі оңтүстік өңірлерде кездеседі. Мамандар соның әсерінен экология бүлініп, ауа ластанып жатқанын айтуда. Өйткені елдегі зиянды түтіннің 90 пайызы көліктерден бөлінеді.


Қайсар Жамиханов есімді азамат  31 жыл бұрын шығарылған ескі "Тайота" автокөлігін мініп жүр. «Жүргенінен тұрғаны көп көліктің машақаты әбден қажытты»,- дейді ол. Себебі, ескі көліктің кауіпсіздігі төмен, бұзылуға бейім әрі қызмет көрсету құны қымбат. Ал жаңасын алуға қаражаты қат. 



«Тайота Карине Е,  1992 жылғы машина. 31 жыл болған. Жүрміз осымен, жаңа машина алуға мүмкіндік жоқ. Осылай қиналып жүрміз, оныңда бөлекшеті қымбат», - дейді Қайсар Жамиханов. 



Тіпті шыққанына 10 жыл болған көліктер біздің нарық үшін жаңа көліктердің қатырында болғанымен, кей шет елдерде оларды ескі деп санайды. Бізде бұл секілді аты жаңа болғанымен заты ескі көліктер көп. 4 млнннан асатын автомобильдің тек 600 мыңы ғана жаңа. Шыққанына 7-10 жыл болған көліктердің саны - 581 мың. 10-20 жыл аралығында қолданыстағы  көліктер - 913 мың. Ал 20 жылдан ескі көліктер 2 миллионға жуықтады.


Елде 4 млннан аса көлік болса, олардың 20 жылдан асқандары — 1 млн 999 мың


10-20 жыл — 913 мың 


7-10 жыл — 581 мың 


3-7 жыл — 259 мың 


  1-3 жыл — 382 мың


Әсіресе, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарына тозығы жеткен автомобиль көп. Өзге өңірлердегі көрсеткіш те мәз емес. Мұны дәрігерлер шыр-пыр болып, көптен бері айтып жүр. «Экологиялық талаптардан ада автокөліктерді азайтпасақ, тыныс алу жолындағы қатерлі ісік көбейеді»,- дейді олар. Экологтар да бұл пікірмен келіседі.



«Олардан бөлінетін азод оксиді, үлкен жылдамдықпен жүретін болса қатты бөлшектер түзілуі мүмкін. Әсіресе дизелмен жүретін машиналарда. Сондықтан бұл тұста бірінші кезекте техосмотрдан дұрыс өткізу керек. Өтірік техасмотр өткізу, ақшамен өткізу дегенді  ауыздықтау  керек. Катализаторлық блоктың болуын қамтамасыз ету керек», - тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Мәлікова.



Жаңа көліктің экологияға зияны аз екені белгілі. Алайда екінің бірі жаңа тұлпарды  тізгіндеуге мүмкіндігі жоқ. Отандық автоиндустрия саласы сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр деу де қиын. Автоөндірушілер, «Экологияға тиімді, қозғалтқыш көлемі кіші көліктерді құрастырудамыз»,- дейді.  Биыл су жаңа автомобильге сұраныс 31,1 пайызға артқан.  Алғашқы алты айда 66 мың көлік сатылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04