Елдегі фермерлер мен ауыл халқы мал бағатын жерге зәру

Елдегі фермерлер мен ауыл халқы мал бағатын жерге зәру Сурет: Agroinfo.kz

Мал жаюға шамамен 15 миллион гектар жер жетіспейді.


Бас прокуратураның мәліметінше, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 миллион гектар жердің бос жатқанын және 3 миллион гектардың заңсыз жайылымға берілгенін анықтаған. Оның 5 миллион гектары мемлекетке қайтарылып, тағы 4 миллион гектары айналымға тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Проблеманың туындауына учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар себеп дейді. Сондай-ақ жерлерді беру кезіндегі заң бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жасалмағаны үшін 520 лауазымды тұлға, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Салдарынан адал еңбек ететін фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылып отыр. Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, мемлекетке қосымша 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарлануда. Құзырлы орган осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09