Елде өткен тәулікте коронавирус пневмониясына 112 адам шалдықты

Елде өткен тәулікте коронавирус пневмониясына 112 адам шалдықты
Сурет: Inbusiness.kz

COVID-19 пневмониясынан 3 адам қайтыс болды

2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Coronavirus2020.kz ақпаратына сәйкес, 6.12.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 112 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 160 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері барлық ауырғандар саны - 83094 адам, 5170 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 74849-ға жетті.