Елде жүргізіліп жатқан санақтан 2 миллионнан астам адам онлайн өтті

Елде жүргізіліп жатқан санақтан 2 миллионнан астам адам онлайн өтті
Cурет: Sanaq.gov.kz

2 041 876 респондент онлайн санақтан өтті

Олардың 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайтында, 203 672-сі Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 82 202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

12 күннің қорытындысы бойынша Алматы облысы алда тұр. Онда 204 805 тұрғын санақтан өткені туралы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 194 697 адам Алматы қаласында тіркелген. Үздік үштікті 173 847 адаммен Қызылорда облысы түйіндеді. Ал әзірге соңғы екі орынды 46 191 және 35 542 адаммен Маңғыстау, Атырау облыстары еншілеп отыр. Жалпы, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Онда азаматтардың 21,1 пайызы сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша, өңірде 823 052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы екінші орында. Онда тұрғындардың 17 пайызы санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша, өңірде 749 754 адам тіркелген).