Елде жемқорлық дерті асқынып тұр

Елде жемқорлық дерті асқынып тұр
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда жемқорлық 25%-ға өсті. 

Жемқорлыққа елдің еті үйренген сияқты. Биылдың өзінде қу құлқынның құлына айналған 345 қылмыскер сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Барлығы да қолындағы қаржысын, басындағы билігін асыра пайдаланып, мәселені мәмілемен шешкісі келгендер. Жыл басынан бері елімізде барлығы 1409 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліпті. Бұл көрсеткіш, әсіресе, ірі қалаларда белең алған.

Мәселен, жемқорлықтың ең жоғары деңгейі – Қарағанды облысында. Дәлірек айтсақ, елдегі көрсеткіштің 13%-ын осы өңір құрап отыр. Ал Алматы облысы – 8% мен Түркістан – 7% еншіледі. Ірі мегополистерде де ахуал ушыққан. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының көрсеткіштері шамалас. Әрқайсысына 7 пайыздан тиесілі.

Жемқорлықтың ең жоғары деңгейі:

Қарағанды облысы – 13,3%                

 Алматы қаласы – 7,8%  

 Алматы облысы – 8,8%                          

Нұр-Сұлтан қаласы – 7,7%

Түркістан облысы – 7,8%                      

 Шымкент қаласы – 7,6%