Елде жанармай тағы қымбаттауы мүмкін

Елде жанармай тағы қымбаттауы мүмкін
voxpopuli.kz

Мұнай-газ саласының сарапшылары алдағы уақытта елдегі бензин 25 процентке қымбаттайтынын болжады. Жалпы, жыл басынан бері жанар-жағармай құны  30 процентке өскен, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар өңдеушілерге шикізатты өз бағасына беруге міндеттелді. Бұл туралы қаржылық сарапшы Андрей Чеботарев өзінің телеграм каналында хабарлады. Оның айтуынша, мамырға дейін мұнай өңдеу зауыттарына шикізат баррелі 20 доллардан аспаған.

Ол тұста біздегі қара алтынның әлемдік құны 70 долларға жеткен. Демек, мұнайды өз бағасынан төмен сату қазынаға тиімсіз әрі ұлттық қордың кірісі бәсеңдетеді. Бір сөзбен айтқанда, нарықтық экономика принципі бұзылады.

Жалпы, еліміз арзан бензин сататын мемлекеттер ондығына кіреді. Бізден кейін Венесуэла тұр. Ондағы жанармай тегін, есесіне қорда өнім жоқ. Сарапшы елдегі бензиннің арзан күйде қалуы дефицитке алып келуі мүмкін дейді.

Көршілерден сұраныс артқасын экспорт та, контрабанда да артады. Андрей Чеботарев бензин бағасы ЕАЭО бірыңғай отын нарығында да өсетінін болжады.