Елде зергерлік бұйымдар қымбаттады

Елде зергерлік бұйымдар қымбаттады
Сурет: Talismans.kz

2023 жылдың ақпан айында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жылда 33,2% өсті.

Бір жыл бұрын өсім небәрі 6,2% болған еді.

Зергерлік бұйымдар өндірісі жылына 1,4 млрд теңгеге тең болды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда, құндық мәнде 4,4% артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, бір жыл бұрын сақина бағасы 5,7% ғана өскен еді.

Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: бірден 71,6% өскен. Жетісу (61,7%) және Алматы (60,1%) облыстары да алдыңғы қатарда.

Алтын неке сақиналары Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттаған. Мұндай сақиналардың құны Ақтөбе (3,7%-ға), Атырау (6,9%-ға) және Батыс Қазақстан (10,7%-ға) облыстарында ең аз өскен.