Елде виртуалды бірегей ойын ойлап табылды

Елде виртуалды бірегей ойын ойлап табылды
Сурет: Vrata.club

Ақылдының заманы...

Қазақстандықтар виртуалды бірегей ойын ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап

Ұлттық нақыштағы компьютерлік ойын. Қазақстандық әзірлеушілер ұялы телефонға жүктелетін бірегей ойын ойлап тапты. Онлайн кеңістікке енгендер қамшы ұстап, тұлпар тізгіндей алады.

Жауынгерлік жекпе-жектің түр-түрі табылады. Интерфейсі түгел мемлекеттік тілде. Оны қосымшалар дүкендерінде пайда болған күннен бастап 300-дей адам ұялы телефондарына жүктеп үлгерген.

Корольдік жекпе-жекте түрлі көлік құралы бар. Бір нүктеден екіншісіне жету үшін қолданылады. Осы қозғалыс құралы үшін атты енгіздік - деді  ойынның авторы Дамир Қаражігітов.