Елде көзі нашар көретін балалар саны артып барады

Елде көзі нашар көретін балалар саны артып барады
Сурет: Egemen.kz

Дәрігерлер жүргізген медициналық тексерудің қорытындысы бойынша 60 490 оқушының көру қабілеті нашар екені анықталды.

2020 жылмен салыстырғанда көру қабілеті нашарлағандар 3 есе көбейген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Жыл өткен сайын жүйке жүйесі мен омыртқасында ақауы бар балалардың да қатары артып барады. Балалар денсаулығының нашарлауына гаджеттер мен компьтерді жиі қолдану және шамадан тыс ақпарат ағымы кері әсер етіп отыр.

Сондықтан Үкімет Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрлігіне оқу үрдісіне денсаулыққа зияны аз технологияларды іріктеп, енгізу туралы тапсырма берді.