Елде коронавируспен ауырған 700-ге жуық адамның жағдайы ауыр

Елде коронавируспен ауырған 700-ге жуық адамның жағдайы ауыр
Сурет: Rbc.ru

Коронавирусқа шалдыққан 669 науқастың жағдайы ауыр

Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

14 қазандағы деректер бойынша, ел өңірлерінде 53 289 адам коронавирус инфекциясынан (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 150 пациент стационарда, 44 139 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 669 адамның жағдайы ауыр,

- 194 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 130 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.