Елде коронавирус вакцинасын алғандар саны 7,1 млн-ға жуықтады

Елде коронавирус вакцинасын алғандар саны 7,1 млн-ға жуықтады
Cурет: Тop-news.kz

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1-компонентін 7,1 млн адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2021 жылғы 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 160 129 адам, II компонентін 5 982 331 адам салдырды», - делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 916 736 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 814 080 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 815 405 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 634 826 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 719 983 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 600 494 адам екінші бөлігін қабылдаған.