Елде асқазан ауруына шалдыққандар азаймай тұр

Елде асқазан ауруына шалдыққандар азаймай тұр
Сурет: Ашық дереккөзі

"Астана-гастро 2022" форумы өтті

Елімізде асқазан ауруына шалдыққандар саны азаймай тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарансына сілтеме жасап.

Оларды дер кезінде емдеп-жазу да үлкен мәселеге айналып барады. Себебі дертке шипа табу қиындаған. Ал әлемдік медицина қазір кей асқазан ауруларын жаңа тәсілмен емдеуді бастады. Бұл туралы "Астана-гастро 2022" форумына қатысқан ғалымдар мәлімдеп отыр. Жыл сайын өтетін шараға биыл білікті мамандар жиналып, студенттер мен дәрігерлерге лекция оқуда. Сондай-ақ, шара кезінде гастро-эн-тология саласындағы тың жаңалықтар айтылып, дәрігерлер мен ғалымдар тәжірибе алмасып жатыр.  

«Ғылым алға жылжып барады. Емдеу тәсілдері айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Бұл туралы біздің мамандар білуі керек. Бұл форумда гастроэнтология ғылымына қатысты барлық жаңалықты айтып, талқылайтын боламыз. Басты мақсат - денсаулық саласына серпіліс беру»,-дейді медицина ғылымдарының докторы Роза Бектаева.