Елде алғашқы жарты жылда 58 бала суға батып кеткен

Елде алғашқы жарты жылда 58 бала суға батып кеткен
Сурет: Zhanaqorgan-tynysy.kz

Суға батпау үшін не істеген жөн?

Елімізде алғашқы жарты жылда 171 адам суға батып кеткен. Оның 58-і - балалар. Төтенше жағдайлар министрлігі суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелеріне баса мән беру керектігін ескертсе де, өкінішке қарай, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elinfo_kz-ке сілтеме жасап. 

Осы орайда суға батып кетпес үшін мамандар мынандай кеңес береді:

Әдетте адамдар суға батып жатқанда, қолдарын жоғарыға көтереді, ол дұрыс емес, себебі мұндайда басыңыз судың астында қалып қояды; 
 Аяқ-қолыңызды судың астында тоқтаусыз қозғалтыңыз, құдды жүріп келе жатқандай. Бұл басыңызды су бетінде ұстауға көмектеседі әрі қолыңызды тынықтырып алуға мүмкіндік бар; 
 Көмек жеткенше дәл осы қимылды қайталай беріңіз.  
 Суда ұзағырақ қалқып тұру үшін өкпеңізді ауаға толтырыңыз. Өкпеңізде ауа болмаса, су түбіне кету қаупі артады; 
 Ешқашан жалғыз жүзбеңіз. Тіпті кәсіби жүзгіштердің өзі ағысқа төтеп бере алмайды.