Елде 13 мыңға жуық әскери ревакцина жасатты

Елде 13 мыңға жуық әскери ревакцина жасатты
Сурет: Сoronavirus2020.kz

Әскерилер ревакцина қабылдауда

Қазақстанда армияның 13 мыңға жуық әскери қызметшісі мен азаматтық персоналына қайтадан коронавирус екпесі салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана вакцина егілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің әскери емханалары және тіркелген жеріндегі азаматтық емдеу мекемелері, сондай-ақ әскери және азаматтық емдеу мекемелерінің көшпелі егу бригадалары белсенділігі жойылған вакцина арқылы ревакцинация жүргізеді», - деді Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ревакцинация жүргізу туралы қаулысына сәйкес COVID-19 қарсы екпенің толық курсынан кейін алты ай өткенде қайта екпе салу қажет

Бас әскери-медициналық басқармасы ел Қарулы Күштеріндегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал ұжымдық иммунитеттің қалыптасуының арқасында тұрақты екенін атап өтті.