Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен кездесті

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен кездесті
Сурет: Еlbasy.kz

Елбасы Шавкат Мирзиёевті өткен президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сайлауалды науқан барысында Сіз ұсынған «Жаңа Өзбекстан» стратегиялық бағдарламасында нақты мақсаттар мен міндеттер айқындалған. Халық мемлекеттің қай бағытта дамып келе жатқанын біліп отыруға тиіс. Кезінде мен де «Қазақстан – 2030» Стратегиясын, кейін еліміздің 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын ұсынған едім. Мен Мемлекет басшысы лауазымында болған жылдары әрдайым біздің елдеріміз арасындағы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән бердім. Сіз мұны жақсы білесіз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.