Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесілді

Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесілді
Сурет: Aikyn.kz

«Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильм 19 айда түсірілген.

Бүгін Рим кинофестивалінде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жайында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.

«Бүгін Оливер Стоун Рим кинофестивалінде Елбасымен жасалған сұхбатқа негізделіп түсірілген «Qazaq. History of The Golden Man» фильмін таныстырады» деп жазды Айдос Үкібай.

Аталған фильм «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Атын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген.