Ел тұрғындарының 60 пайызы жұмыс іздеп жүр

Ел тұрғындарының 60 пайызы жұмыс іздеп жүр
Сурет: El.kz

Екі қолға бір күрек іздеушілер қатары қалың. 

OLX.kz онлайн-жарнама сервисі сарапшыларының еліміздің еңбек нарығына жүргізген бағалауына сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 33 пайызы осы жылы жұмыс іздегенін атап өткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оның ішінде 60 пайызы әлі күнге жұмыс іздеп жүр. Оның 35 пайызы қазіргі уақытта кез келген жұмысты істеуге дайын.

Респонденттердің басым бөлігі (38 пайызы) айына 500 мың теңге жалақы алғысы келсе, 8 пайызы 100 мың теңгеге де қанағат тұтпақ.

Жоғарыда аталған сервис мәліметінше, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жұмыс іздеп, сұраным жолдағандардың саны 20 пайызға артқан.

Жұмыс берушілер тарапынан көп ұсынылатын 5 мамандықтың ішінде жүргізушілерге сұраныс жоғары. Еліміз бойынша орташа айлық жалақы – 200 мың теңге.

Одан кейінгі орында тұрған сатушыларға 140 мың, аспазға 150 мың, үй-жай тазалаушыларға 110 мың, сатушы-кеңесшіге 130 мың төленеді.

Жыл басынан бері жұмыс іздеушілер арасында «жүргізуші», «жүкші», «бала күтуші», «даяшы» сынды мамандықтар барынша танымал болып отыр.

Айта кетерлігі, еліміз бойынша сауалнамаға 7 мың респондент қатысқан.