Ел теннисшілері Дубай ATP 500 турнирінде бақ сынайды

Ел теннисшілері Дубай ATP 500 турнирінде бақ сынайды
Сурет: almaty-akshamy.kz

26 ақпан – 3 наурыз аралығында Дубайда (БАӘ) ATP 500 санатындағы турнир өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды.

А.Шевченко алғашқы айналымда әлемнің төртінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасады.

Бұл ресейлік теннисшінің биылғы Аустралия ашық чемпионатының финалынан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

Өткен жылы Дубайда отандасы Андрей Рублевті финалда ұтқан Д.Медведев чемпион болған еді. 

Жарыстың жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.