Ел тарихындағы аса маңызды қадам

Ел тарихындағы аса маңызды қадам almaty-akshamy.kz

«Ахыска» түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары, танымал қоғам қайраткері Қазақбай Қасимов Т.Қабылов көшесіндегі №50-үйде орналасқан №407 сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді.


– Конституциялық реформа, бұл – демократиялық қоғамның аса маңызды көріністерінің бірі. Саяси реформаның негізі һәм мақсаты – бүгінгі саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Атап айтқанда, суперпрезидент басқару үлгісін түбегейлі өзгерту, билік өкілеттілігінің тармақтарын қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін қорғау аз да болса жеткізу. Бұл ауқымды өзгерістер ел тарихындағы аса маңызды қадам. Себебі, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар халықтың талап-тілегі арқылы жүйеге асады. Бүгінгі өткізіліп жатқан референдум «Жаңа Қазақстанның» жаңа серпілісіне, саясат, мәдениет, экономика саласында халқымыздың әлеуметтік жағдайларына септігін тигізетініне сенімдімін. Мәңгілік қазақ елінің аңсаған арманы мен көздеген мақсатын осы Конституциямыз паш етсінші деп тілеймін. Мен де міне өз сайлау учаскеме келіп таңдауымды жасап, дауыс бердім. Қазақстанның болашағы жарқын болғай!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31