Ел таеквондошылары халықаралық жарыстан жүлде әкелді

Ел таеквондошылары халықаралық жарыстан жүлде әкелді
сурет: Olympic.kz

«Tallinn Open» халықаралық турнирі өтті.

Қазақстандық таеквондошылар Эстонияда халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Эстонияның Таллин қаласында таеквондодан «Tallinn Open» халықаралық турнирі өтті. 28-29 тамыз күндері өткен G-1 санатындағы додаға 250-дан астам спортшы қатысты. 
Аталған бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрлан Мырзабаев күміс медальға ие болды. Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай қола жүлдегер атанса, 68 келіде сынға түскен Ерасыл Арапбай екінші қоланы ел қоржынына салды.