Ел өміріндегі өзгерістерге қоғам түгелдей атсалысу керек – қоғам қайраткерлері

Ел өміріндегі өзгерістерге қоғам түгелдей атсалысу керек – қоғам қайраткерлері
Cурет: Almaty.tv

Елімізде жалпыхалықтық референдумның өтуіне санаулы күн қалды

Елімізде жалпыхалықтық референдумның өтуіне санаулы күн қалды. Осыған орай бүгін қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер Конституцияға енгізілетін түзетулерге жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Басқосуға қатысқан өнер қайраткерлері ел өміріндегі өзгерістерге қоғам түгелдей атсалысу керек деген пікір айтты.

«Менің түсінігім бойынша бұл жерде ұсынылған ұсыныстардың басым көпшілігі керек дүние. Референдум жалпы әр мемлекетте болады. Ол 20-30-50 жылда бір-ақ рет болуы мүмкін. Себебі Жаңа Қазақстанды құрамыз деп отырмыз. Сондықтан Президентіміз осындай өзгерістерді ұсынды. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек», – деді «Дос-Мұқасан» тобының жетекшісі, композитор Мұрат Құсайынов.

«Президентіміздің өзі үлгі көрсетті. Ешқандай туыстары, командасы, жақындары өзімен бірге жұмыс істемейді. Бәріне тоқтау салды. Облыстың әкімі, министрлер,  командасын жан-жаққа апармауы керек. Міне кім істей алады? Кімнің қолынан келеді? Кімнің қабілеті бар?  Қай жақтың адамы? Оған байланысты емес. Үлгі алу керек», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Болат Әбділманов.