Ел қоржынына тағы үш алтын медаль түсті

Ел қоржынына тағы үш алтын медаль түсті
сурет: sports.kz

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында спортшыларымыз топ жарды.

Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында биіктікке секіру дисциплинасында барлық жүлдені қазақстандық спортшылар иеленді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Мұндай жағдай құрлықтық дода тарихында алғаш рет тіркелді.

Биіктікке секіруде медальдардың барлық үш жиынтығын жеңіп алған қазақстандық қыздар: «Алтынды» Надежда Дубовицкая (көрсеткіші - 1.89), «күмісті» Кристина Овчинникова (1.89), «қоланы» Елизавета Матвеева (1.84 сантиметр) иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.