Ел қорғау – ердің ісі

Алматыда запастағы офицерлердің әскери жиыны өтуде
Оқу-жаттығу Қорғаныс министрлігінің қолдауымен 61993 әскери бөлімінің Іле оқу полигоны базасында 4 жылдан бері өткізіліп келеді. 100-ден астам запастағы офицер оқу-әдістемеден өтті. 30 күндік әскери сабаққа лейтенанттардан бастап майорларға дейінгі запастағы офицерлер қатысады. Олар ұрыс кезіндегі жедел тактикалық даярлықты, АКС 74, ПМ-9 тапаншасынан нысанаға көздеп ату мен атыс кезіндегі тәжірибелік сабақтардан өтеді. Офицерлерге ҚР ҚК БШБ-нан қазіргі лауазымды тұлғалар сабақ жүргізеді. Олар келесі жылы да ерікті азаматтарды қабылдауға дайын.
Жыл сайын жоспарлы түрде өтетін шарада 1 ай ішінде әскерилер тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 33бабының 1тармақшасына сәйкес әскерлердің әрбірі офицерлік жиындар өткізеді. Биыл оқужаттығу полигонында 36 офицер қабылданған. Олардың арасында еліміздің Қарулы Күштерінде бұрын қызмет еткен қызметкерлер де бар. 61 993 бөлімінің базасында жиындарға келген десанттық шабуылдау әскерлері киім, қаружарақ, т.б. барлық қажетті затпен қамтамасыз етіледі. Жиын кезінде оларға жұмыс орындарындағы жалақы Қорғаныс министрлігінің есебінен беріледі.
Айта кететін жәйт, мұндай әскери жатты ғу жиындарына кез келген азамат қатыса алады.
Расул ЗАКИРОВ, №61993 әскери бөлім басшысының орынбасары, подполковник:
- Запастағы офицерлердің әскери жиындары Іле оқу полигоны базасында ҚР Құрлықтағы әскери десант шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының бекітуімен 25 шілдеден басталып, 25 тамызға дейін өтеді. Жиындар аяқталғаннан кейін оларға кезекті әскери атақ беріледі.
Мамандықтарға сәйкес әрбір әскери міндетті офицер әскери бейіннің негізгі пәндері бойынша қажетті білім мен тәжірибе алып шығады. Жеделтактикалық дайындық, Мемлекеттік құпияларды қорғау, моральдықпсихологиялық қамтамасыз ету, әскери педагогика және психология, әскери топография және т.б. пәндерден сабақ алады.
Айдын НҰРЛАНҰЛЫ, запастағы лейтенант:
- Оқужаттығу Қорғаныс істері басқармасының жинақтауы арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда «Қараой» оқужаттығу полигонында оқужаттығу өткізудеміз. Басты мақсат – әскери біліктілікті арттыру, әртүрлі оқужаттығудағы меңгерген тәжірибені жетілдіру. Өткізілген әскери жаттығулардың басым көпшілігі ұрыс тактикасына бағытталған. Полигонға келгенімізге 3 апта болды. Оқ дәрілер, жатын орын, тамақ казармада толығымен жабдықталған. Лейтенанттан бастап, майор шеніне дейінгі запастағы офицерлер 1 ай көлемінде оқужаттығудан өтетін болады. Біліктілігі жоғары офицерлерден көп нәрсе үйрендік.
Айбек БАҚЫТҰЛЫ, жұмылдыру резервін дайындау оқу орталығының оқытушысы, капитан:
- ҚР Қарулы күштері десанттық шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының жедел хаты бойынша жұмылдыру резервін дайындау оқу орталығының жеке құрамы запастағы офицерлерді дайындауда. Жеке құрам АК 74 қаруынан 4бақылау ату жаттығуын, екінші оқу нүктесі ПМ9 тапаншасынан оқу жаттығу орындайды. Әскери кафедра бітірген жоғары білімді офицерлер, кезінде келісімшарты аяқталып немесе кезекті демалысқа шыққан офицерлер келуде. Оперативті тактика, атыс сабақтары теория және практика жүзінде өтеді. 1 ай көлемінде 19 пәннен сабақ алып шығады.