Ел ертеңі - білімді жастар

Ел ертеңі - білімді жастар Cурет: Almaty-akshamy.kz

ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден жастар қауымымен кездесті.


Кездесу барысында орта техникалық және жоғары білім, жатақхана мәселелері сияқты жастарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды, деп хабарлайды «Almaty aqshamy».kz штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.



«Жастар – біздің болашағымыз. Бүгінгі жастарға көмек – бұл біздің ертеңгі күнімізге тікелей инвестиция. Кездесу барысында біз көптеген өзекті тақырыптарды талқыладық. Жастардың қоғамның қоғамдық-саяси процестеріне белсенді қатысып, өз идеяларымен бөлісетіні қуантады. Олар елдегі болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайды», - деді Қарақат Әбден. 



Сонымен қатар, кездесуде жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қыздардың үйлесімді тәрбиесіне көңіл бөлудің маңызды екені жөнінде де сөз қозғалды.


Қ.Әбден суицидке қарсы ұлттық жоспар құруды ұсынды. Оның айтуынша, жастар мен балалар арасындағы суицидтің негізгі себептері әлеуметтік мәселелер және қоғамдағы ұлттық, отбасылық құндылықтардың құлдырауы болып табылады. Мәліметтерге сүйенсек, 2018-2022 жж. 18 мыңға жуық адам өзіне қол жұмсаған. Өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша біздің ел әлем халқы арасында 20-орында және жастар мен балалар арасындағы суицид саны бойынша елдің бірінші үштігіне кіреді. Бұл бізден шұғыл әрекет етуді талап ететін өте күрделі мәселе, - дейді үміткер.


20 қарашада өтетін Президент сайлауына ОСК алты кандидатты тіркеді. Алматылықтар сайлаушылар тізімінде өздерін https://mapalmaty.kz сайты арқылы, Open Almaty порталында немесе Telegram Bot @almaty_sailau2022_bot арқылы тексеріп, өз сайлау учаскесінің мекенжайын біле алады. Сондай-ақ, 1315 нөміріне 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырау шалуға болады.


 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55