Ел экономикасының өсуі жеделдеді

Ел экономикасының өсуі жеделдеді
Сурет: Іnbusiness.kz

Қазақстан экономикасы қарқынды ілгерілеп келеді

2021 жылы нақты сектордың өсуі, сауданың дамуы, инвестициялық белсенділік қазақстандық экономиканың даму қарқынының негізгі факторына айналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биылғы 11 айдағы қорытынды бойынша, ЖІӨ 3,8%-ды құрап, 3,7-3,9% болжамды дәлізге жетті. Нақты сектордағы өсу 2,9%-ды құрады.

Бұл туралы ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті басқармасының басшысы Қалыбек Мағзұм айтты.