Ел экономикасы еңсесін көтеріп келеді - Қаржы министрі

Ел экономикасы еңсесін көтеріп келеді - Қаржы министрі
Сурет: 7-su.kz

Былтырғы табыс 12 трлн теңгеден асқан

Жалпы ішкі өнімнің өсімі де 4 пайызға жеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осындай сандарды тізіп берді. Оның айтуынша, экономиканың барлық салаларында серпіліс бар. Мәселен, өнеркәсіп 4 процентке, құрылыс 7,6 процентке өсім көрсеткен. Көлік саласында да ілгерілеушілік байқалады. Саудадағы өсім 9 пайызға артқан.